• Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 1-том: Өлеңдер, дастандар / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов. - Алматы: Жазушы, 2013. - 376 бет.
    Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 1-том: Өлеңдер, дастандар / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов. - Алматы: Жазушы, 2013. - 376 бет.

    Ақын шығармаларының бұл басылымы екі томнан тұрады. Бірінші томға өлеңдері мен дастандары енгізілді. Өлеңдер, бұрынғы басылымдарындағыдан өзгеше түрде, алғаш жарық көрген немесе жазылған мерзіміне қарай реттелді. Кейбір тақырыбы жақын жырлар бір жерге топтастырылып берілді.

  • Қазақтың 100 поэмасы / кұраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Әлімұлы; алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет. - Алматы: «Жазушы», 2013. 1-том. -376 бет.
    Қазақтың 100 поэмасы / кұраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Әлімұлы; алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет. - Алматы: «Жазушы», 2013. 1-том. -376 бет.

    Кітап «Қазақтың 100 поэмасы» сериясы аясында жарық көріп отыр. Бірінші кітапқа

     

    XIX ғасырдағы және XX ғасырдың бас кезіндегі дастандар мен ұлы Абайдың және оның шәкірттерінің поэмалары енгізілді.

  • Шашкин 3.Доктор Дарханов: Роман. — Алматы, "Өнер", 2010. — 336 бет. — "Қазақтың 100 романы" сериясы.
    Шашкин 3.Доктор Дарханов: Роман. — Алматы, "Өнер", 2010. — 336 бет. — "Қазақтың 100 романы" сериясы.

    XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасының көрнекті бір өкілі — Зейін Шашкиннің кезеңдік әрі дәрігерлер өмірі туралы тұңғыш роман ретінде орынды бағаланған осы туындысы қазақ әдебиетінде "хрущевтік жылымықтан" кейін іле-шала дүниеге келген шығармалар көшін бастаған еді. Өзі де ұзақ жылдар бойы сталиндік жазалау  лагерінде азап шеккен автор аталмыш романында сол заман ақиқатын доктор Дарханов бейнесі арқылы береді.

  • Егеубай А.Жусуп Баласагуни: Роман-эссе/Перевод с каз. языка Б. Джилкибаева. — Алматы: Раритет, 2013. — 400 с.
    Егеубай А.Жусуп Баласагуни: Роман-эссе/Перевод с каз. языка Б. Джилкибаева. — Алматы: Раритет, 2013. — 400 с.

    Это произведение посвящено всемирно известному ученому и поэту Жусупу Баласагуни, автору бессмертного шедевра «Благодатное  знание» — уникальной энциклопедии культуры и литературы тюркского народа, его обычаев, верований, традиций, мировоззрения в эпоху раннего Средневековья. Глубокие  теоретические мысли автора сочетаются с живым художественным видением того далекого времени.

     

    Для широкого круга читателей.

  • Қазақ поэзиясы тілі - ұлттарды топтастырудың рухани өзегі.Жыр жинағы. / Қайрат Бакбергенов Астана, «ІС-Сервис» - 192 б.
    Қазақ поэзиясы тілі - ұлттарды топтастырудың рухани өзегі.Жыр жинағы. / Қайрат Бакбергенов Астана, «ІС-Сервис» - 192 б.

    Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау, қазақтың әдеби тілі мен тіл мәдениетін, қазақ поэзиясын насихаттау мақсатында 2009 жылғы қыркүйек айында қазақ ақындары шығармаларынын орыс және ағылшын тілдеріне аударылуына қолдау көрсету мақсатында аудармашы ақындардың республикалық  байкауы өткізілді.

     

    Осы жинаққа аталған конкурсқа қатысқан аудармашы ақындардың ұсынған жыр жинақтары енгізіліп отыр.

  • Қайырбеков Ә. Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер, ғылыми-зерттеу, мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат/Ә. Қайырбеков. — Алматы: Айғаным, 2014. -286 б.
    Қайырбеков Ә. Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер, ғылыми-зерттеу, мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат/Ә. Қайырбеков. — Алматы: Айғаным, 2014. -286 б.

    Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы» атты кітабына оның көп жылдар бойы Алматыдағы «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінде» қызмет істей жүріп жазған, қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерліктері, т.б. туралы ғылыми-зерттеу мақалалары, эсселері,

    ой-толғамдары, сыр-сұхбаттары топтастырылған. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында өшпейтін із қалдырған, халықтың жүрегінен берік орын тапқан қос қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік, жазушылық-азаматтық тҰлғалары жан-жақты ашылады. Олардың соңдарында қалдырған мҰраларының көркемдік, тағылымдық, өнегелік сипаттары сараланады.

     

    Кітап әдебиет өлеміне ынтызар, көркем туынды табиғатына, қаламгерлердің өскен ортасы мен өмірдегі тыныс-тіршілігін білмекке құмар қалың оқырман қауымға, ұстаздар мен шәкірттерге арналған.

  • Салықов Қ.Дарқандарын: Өлеңдер жинағы/К. Салықов. -Астана: Фолиант, 2010.-160
    Салықов Қ.Дарқандарын: Өлеңдер жинағы/К. Салықов. -Астана: Фолиант, 2010.-160

    Қазактың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам кайраткері Кәкімбек Салықов бұл жинағында зор ағынды шабытпен Сәбит Мұқанов жайлы кең тебіренеді. Ұлы жазушы өмірінің қыры мен сырын ұшқыр ой, терең сезіммен танытады. Ағалардың Сәбең жайлы айткандары мен кейінгі ұрпақ һәм көзкөрген жерлестер естеліктерінің ен шұрайлы деген тұстарын өлең етіп, сом тұлғаның зор бейнесін поэзия тілінде берген. Заман сыры мен осы күндерді байланыстыра отырып, қоғамдағы құбылыстарды келісті қамтыған. Соның бәрі асыл ағаның  дарқан дарыны мен жан-жақты табысын аша түсуге арналған. Оқушы қауым қазақтың кемеңгер ұлына лайықты туған кемел жырдың кәусар бұлағынан сүйсіне сусындайтынына кәміл сенеміз.

  • Жұмабаев Мағжан Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Алматы: RS, Халықаралық Абай клубы, 2012. — 288 бет.
    Жұмабаев Мағжан Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Алматы: RS, Халықаралық Абай клубы, 2012. — 288 бет.